Египетте болған терактіге байланысты қазақстандық туристерге демалыс орындарынан жыраққа шықпауға кеңес берілді. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетіндегілер осылайша кезекті ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Египетте болған терактіге байланысты қазақстандық туристерге демалыс орындарынан жыраққа шықпауға кеңес берілді. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетіндегілер осылайша кезекті ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"25 маусымда Каирдың қақ ортасында екі адам зардап шеккен жарылысқа байланысты Туризм индустриясы комитеті Египетте демалып жатқан қазақстандық туристерге демалыс орындарынан жыраққа шықпауға, лаңкестік және қылмыстық қауіпі жоғары қала аударынан аулақ жүруге кеңес береді" - делінген алдын ала таратылған хабарламада.
Еске сала кетелік, аталмыш комитет алдында Таиландқа сапарлап барушы отандастарымызға бұл елдегі жаппай дүрбелең кезінде де үнемі ескерту жасап отырған болатын. Сондай-ақ Қазақстан азаматтарына Таяу Шығыс елдеріндегі эпидемиологиялық қауіптен де сақтану ескертілген. Қазір бұл аумақта таяушығыстық респиратор синдромының (MERS-CoV) тарауы жалғасу үстінде.
"2014 жылдың 20 маусымында Иорданияда осы жылдың басынан бастап корольдік азаматтары арасында бес өлім тіркелген. Аталған елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, сегіз жұғу фактісі тіркелген. 2014 жылдың І тоқсанында Иорданияда әлемнің әртүрлі елінен 932 мың турист болған, оның ішінде қазақстандықтар да бар" - дейді комитеттегілер.
Бүгінгі таңда бұл ауру түрі Сауд Арабиясында, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Катарда, Иорданияда, Кувейтте, Египетте, Йеменде, Ұлыбританияда, Тунисте, Оманда, Францияда, Германияда, Грецияда, Италияда, Малайзияда, Филиппинде, АҚШ-та тіркелген. Сауд Арабиясында ең көп көрініс берген: 573, оның 173-і көз жұмған.