Екі адам бірден өзін Қырғызстанның бас прокуроры етіп жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екі адам бірден өзін Қырғызстанның бас прокуроры етіп жариялады Фото ©REUTERS

Қырғызстанда екі адам өзін елдің бас прокуроры етіп таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "АКИpress" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда екі адам өзін елдің бас прокуроры етіп таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "АКИpress" басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, бұлар - депутаттықта үміткер болған "Бір бол" саяси партиясынан Алмамбет Шыкмаматов және "Чон Казат" партиясынан Сыймык Жапыкеев.

Сондай-ақ бір топ адамның Бас прокуратура ғимаратына дейін барғаны хабарланды. Оның жанында 300-ге жуық адам жүр. Ғимаратқа Сыймык Жапыкеев кірген, ал ішінде Алмамбет Шыкмаматов отыр. 

Бас прокуратурада қазір жиналыс өтіп жатыр. 

Айта кетейік, бұған дейін Шыкмаматов бас прокурордың кабинетін алып, БАҚ алдында өзін бас прокурордың міндетін атқарамын деп таныстырды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети