17 мамыр 2018 | 09:36

Екі миллион сәбиді құтқарған "алтын қолды" донор көмегін тоқтатуға мәжбүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Pikabu © Pikabu

Қан беру арқылы екі миллионнан астам сәбидің өмірін құтқарған аустралиялық донор Джеймс Харрисон соңғы рет плазма тапсырды. Бұл туралы The Independent басылымы жазып отыр. 


Иконка комментария блок соц сети

Қан беру арқылы екі миллионнан астам сәбидің өмірін құтқарған аустралиялық донор Джеймс Харрисон соңғы рет плазма тапсырды. Бұл туралы The Independent басылымы жазып отыр. 

Харрисонның қанында D резус-факторлы антигенге келетін сирек антиденелер бар. Олар іштегі сәбидің резус-факторы басқа болып келетін жүкті әйелдердегі резус-қайшылығы кезінде антирезусты антиденелер бөлу арқылы көмектеседі. Қызыл Крест есебі бойынша, 1967 жылға дейін Аустралияда резус-конфликт салдарынан жыл сайын мыңдаған сәби шетінеп отырған. 

Харрисон жас кезінде күрделі ота жасатқан. Оған 13 литр қан құйылып, осы арқылы аман қалған. Осыдан кейін ол донор болуға шешім қабылдайды. 63 жылда ол әр екі апта сайын қан тапсырып, осы уақытқа дейін 1 173 рет қан өткізген екен. Бұл ерлік үшін ел билігі Харрисонды Аустралия орденімен марапаттап, ал Гиннес рекордтар кітабына ол әлемдегі ең белсенді донор ретінде енді. 

Мамырда Харрисон 81 жасқа келді. Бұл аустралиялық заңдармен қарастырылған қан донорлығының шекті жасы. 11 мамырда Харрисон соңғы рет қан тапысырған. "Мен көптеген адамдардың өміріне араша түсуге себеп болдым, көптеген сәбидің өмірге келуіне. Бұл менде жақсы сезімдер туындатады", - дейді ол. Ол рұқсат берсе, ары қарай да қан тапсыра беретінін атап өтті. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети