02 наурыз 2021 11:52

Екінші дүниежүзілік соғыстан қалған бомбаның жойқын жарылысы видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Англияның оңтүстік-батысындағы Девон графтығының Эксетер қаласында Екінші дүниежүзілік соғыс кезінің бомбасы жарылды. Ұлыбритания Қарулы күштерінің инженерлері желіде жарылыс суреттерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі LADbible басылымына сілтеме жасап.


Англияның оңтүстік-батысындағы Девон графтығының Эксетер қаласында Екінші дүниежүзілік соғыс кезінің бомбасы жарылды. Ұлыбритания Қарулы күштерінің инженерлері желіде жарылыс суреттерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі LADbible басылымына сілтеме жасап.

"Біз соңғы екі күн ішінде Эксетерде Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жарылмай қалған бомбаны жою бойынша ауқымды ведомствоаралық операция жүргіздік. Жарылыс болған сәт дрон камерасына түсіп қалған", - делінген полиция хабарламасында.

Көптеген агенттік, соның ішінде полиция қызметкерлері жарылғыш бомбаны жою үшін бірлесіп жұмыс істеді. Жарылысқа дейін және одан кейінгі операцияға Дартмур іздеу-құтқару қызметтері, Девон және Корнуолл жағалау күзеті еріктілері қатысты.

LADbible

Ұлыбритания Қарулы күштер инженерлері 1000 келі болатын бомбаны жару үшін арнайы қабырғалар тұрғызып, ор қазды. Жарылыс орнына 400 тоннаға жуық құм әкелінді. Мұның бәрі оның салдарын азайту үшін жасалды. Алайда оған қарамастан, жарылыс әсері жойқын болды. Сондай-ақ, полиция өкілдері мәліметіне сүйенсек, жарылыс болған жерде көлемі "екі қабатты автобустай" ор пайда болған.

Белгіленген орынан 400 метр радиустағы тұрғындарға жарылыс кезінде үйлерінен кетуге бұйрық берілді. Тәртіп сақшылары шамамен 2,6 мың ғимараттан адамдарды эвакуациялауға мәжбүр болды.

LADbible

"Полиция Эксетер тұрғындарына, әсіресе эвакуацияланған 2,6 мың отбасына және жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін көп жұмыс істеген серіктес мекемелерге алғыс айтады", - деді Девон және Корнуолл полициясы өкілдері.

Ұлыбританияда Екінші дүниежүзілік соғыста жарылмай қалған оқ-дәрілер әлі күнге дейін бар. Оларды залалсыздандыру үшін билік халықты эвакуациялап отыруға мәжбүр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети