Екпе салдыру үшін жүктіліктің ынғайлы кезеңі анықталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екпе салдыру үшін жүктіліктің ынғайлы кезеңі анықталды Фото ©REUTERS

Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы әйелдердің репродуктивті денсаулығы бойынша штаттан тыс бас маманы Наталья Долгушина екпе салдыру үшін жүктіліктің ынғайлы кезеңін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы әйелдердің репродуктивті денсаулығы бойынша штаттан тыс бас маманы Наталья Долгушина екпе салдыру үшін жүктіліктің ынғайлы кезеңін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, Ресейде қазіргі уақытта "Спутник V" вакцинасын жүктілік кезінде қолдануға рұқсат берілген. "Екпені 22 аптадан кейін салдырса болады", - деді Долгушина.

Оның айтуынша, COVID-19 жүкті әйелдер үшін қауіпті ауру, бұл акушерлік асқынулар мен ана өлімінің жоғарылауына әкеледі. Жүктілік кезінде коронавирус семіздік, жүрек-тамыр аурулары, өкпенің созылмалы аурулары, қант диабеті, қатерлі ісік, бауыр мен бүйректің созылмалы аурулары бар әйелдерде аса қауіпті.

Коронавирустың ауыр түрі мен өлімінің алдын алу үшін вакцина салдыру қажет, деді маман.

Оның айтуынша, жүктілікті жоспарлау кезеңінде алдын ала вакцина алған дұрыс, алайда ол кезде алмаса, жүктілік кезінде салдыра алады.

Еске салайық, бұған дейін Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман коронавируспен ауыратын адамдардың неге ауруды қайта жұқтыратынын айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети