Экрем Имамоглу ресми түрде Түркия президенттігіне кандидат атанды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Oxu.az Фото: Oxu.az

Жексенбі күні Түркияның оппозициялық Республикалық халық партиясының (РХП) праймеризіне 15 миллион адам қатысып, қызметінен шеттетілген және қамауға алынған Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглуға қолдау көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sözcü басылымына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жексенбі күні Түркияның оппозициялық Республикалық халық партиясының (РХП) праймеризіне 15 миллион адам қатысып, қызметінен шеттетілген және қамауға алынған Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглуға қолдау көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sözcü басылымына сілтеме жасап.

Имамоглу жақтастары жексенбі күнгі праймеризде дауыс беріп, оны Түркияның ең көне саяси партиясы – Республикалық халық партиясының (Cumhuriyet Halk Partisi) атынан президенттікке ресми кандидат етіп сайлады. Бұл туралы дауыс беру ұйымдастырушылары мәлімдеді.

"23 наурызда болашақ президентіміз Экрем Имамоглуға партиямыздың 1,653 миллион мүшесі дауыс берді. Бұл қазіргі биліктің төңкеріс жасау әрекетіне берілген ең батыл жауап. Сондай-ақ біз барлық азаматтарды біздің дауыс беру жәшіктерімізге келіп, өз таңдауын жасауға шақырдық. Олар тарапынан 13,21 миллион дауыс жиналды. Жалпы алғанда, 14,85 миллионнан астам адам Экрем Имамоглуға қолдау білдірді", – деді партия төрағасы Өзгүр Өзел.

Ол Ердоғанды кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы шешім қабылдауға және Имамоглуға қарсылас ретінде шығуға шақырды. Праймериз нәтижелері жарияланғаннан кейін Экрем Имамоглу Силиври түрмесінен өзінің алғашқы жазбасын жариялады.

"Мен сіздермен мені ерекше қуантқан жаңалықтарды бөліскім келеді. Біздің Республикалық халық партиясының президенттікке алдын ала сайлауына рекордтық деңгейде азаматтар қатысты. 15 миллион отандасымыз дауыс берді. Бұл елде биліктің қысымынан, күйреген экономикадан, біліксіздіктен және заңсыздықтан зардап шегіп отырған ондаған миллион адам сайлау жәшіктеріне келді", – деп жазды ол.

Бұл уақытта Ыстамбұл мен Түркияның басқа қалаларында Экрем Имамоглуның қамауға алынуына қарсы бесінші күн қатарынан наразылық шерулері жалғасып жатыр. Reuters агенттігінің хабарлауынша, бүгін түнде Ыстамбұлда қамауға алынған мэрді қолдау үшін жарты миллионға дейін азамат жиналған. Полициямен қақтығыстар орын алды.

Саяси дағдарыстың экономикаға әсері

Саяси дағдарыс Түркия экономикасына теріс әсерін тигізуде. Соңғы үш күнде Ыстамбұл қор биржасының BIST 100 индексі 16 пайыздан астам құлдырады. Түркия үкіметі ұлттық валютаны тұрақтандыру үшін миллиардтаған доллар жұмсауға мәжбүр болғанын кейбір жергілікті БАҚ хабарлады.

"Біз нарықтардың тұрақты жұмыс істеуі үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды жалғастырамыз. Жалған ақпаратқа сенбеңіздер", – деп мәлімдеді Түркияның қаржы министрі Мехмет Шимшек.

Еске салайық, Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглу қаржылық қылмыстар бойынша айыпталып, қамауға алынды, бірақ сот оны терроризм бойынша айыптауды жоққа шығарды. 23 наурызда Түркияның Ішкі істер министрлігі оны уақытша түрде Ыстамбұл мэрі қызметінен шеттету туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Ыстамбұл мэрінің қамауға алынуынан кейін Анкараның оппозициялық мэрі Мансур Яваш кезектен тыс президенттік сайлау өткізуге шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro