07 тамыз 2019 | 21:55

Экс-президентті ұстау операциясы: Қой-ташта не болып жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суреттер 24.kg сайтынан Суреттер 24.kg сайтынан

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың резиденциясына басып кіру кезінде жараланғандар ауруханаға жеткізіліп жатыр, деп хабарлайды 24.kg.


Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың резиденциясына басып кіру кезінде жараланғандар ауруханаға жеткізіліп жатыр, деп хабарлайды 24.kg.

Резиденция айналасында тікұшақ ұшып жүргені айтылады. Экс-президенттің жақтастары оның ұсталғаны жайлы хабарды жоққа шығарды. 

Журналистердің мәліметінше, Атамбаевтың жақтастары кірген киіз үйге жарық-дыбыс гранатасы лақтырылған. Үй ішінде портал журналисі де бар екені айтылады. Ішінде әйелдердің де бар екені айтылады.

Мұның алдында резиденция алдында басталған операцияның видеосы жарияланған еді. Оның кадрларынан Атамбаевтың шабуыл алдында өз үйінің ауласында болғаны көрінеді. Осы кезде әскерилер оқ ата бастайды.

+18! Бұдан ары психикасы тұрақсыздарға және балаларға контентті көруге болмайды.


Суреттер 24.kg сайтынан

Осыған дейін резеңке оқпен жараланғандардың арасында заңсыздыққа қарсы халық штабының бастығы Қияс Смалиев пен Жогорку Кенештің экс-депутаты Мирбек Мискенбаев бар екені хабарланған. Сонымен қатар, портал тілшісі Аида Джумашова жарақат алған.

Алмазбек Атамбаевтың айналасында дау-дамай неге өршіп кетті?

Шу облысы бойынша шұғыл көмек көрсету орталығының өкілдері шақырту түспегенін хабарлады. Бірақ дәрігерлер бригадаларын бірінші талап бойынша жіберуге дайын. Куәгерлердің мәліметтері бойынша, арнайы құралдың қызметкерлері жараланғандарға өздері көмек көрсетеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети