Эксперимент: Швейцарияда ауыл тұрғындарына ай сайын 2500 доллардан таратылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Эксперимент: Швейцарияда ауыл тұрғындарына ай сайын 2500 доллардан таратылады

Швейцариядағы Рейнау ауылында эксперимент ретінде тұрғындарға қайтарымсыз ақша таратылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Süddeutsche Zeitung газетіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Швейцариядағы Рейнау ауылында эксперимент ретінде тұрғындарға қайтарымсыз ақша таратылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Süddeutsche Zeitung газетіне сілтеме жасап. 

Бұл эксперимент ақша пайда болғаннан кейін адамдар өзін қалай ұстайтынына бағытталған. Жобаның авторы режиссер Ребекка Пэниан болды. Ауыл тұрғындарының көбі бұл экспериментті құптап, дауыс берген. 

Рейнау тұрғындарына ай сайын 2 500 швейцариялық франк яғни 2 584 АҚШ доллары көлемінде төлем жасалмақ. Бұл әлеуметтік тәжірибеге ақшаны краудфандинг арқылы жинау жоспарланып отыр екен. 

Екі жыл бұрынғы республикалық референдумда швейцариялықтар "жеңіл ақшаға" қарсы болған. Алайда, жобаның авторлары жұрттың әлеуетін арттыратынын айтып, мәлімдеген. 

Мұндай тәжірибе осыған дейін Намибия мемлекетіндегі Виндхука қаласында жасалған. Төленген ақша он еуро болса да, жоба қатысушылары өз бойынан талантты аңғарып, халықтың табысы 29 пайызға дейін өсіп, жұмыссыздық екі есеге дейін қысқарған. Дәл осындай жетістікке 2011 жылы Үндістан мемлекеті де жеткен. Таңдап алынған бірнеше ауылдың экономикалық белсенділік көрсеткіштері айтарлықтай өскен екен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети