26 мамыр 2014 | 19:37

ЕҚЫҰ Украинадағы президенттік сайлауды мойындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ЕҚЫҰ бақылаушылары Украинадағы президенттік сайлауға "демократиялық сайлау" деген баға берді" - деп хабарлайды Tengrinews.kz УНИАН ақпарат көзіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"ЕҚЫҰ бақылаушылары Украинадағы президенттік сайлауға "демократиялық сайлау" деген баға берді" - деп хабарлайды Tengrinews.kz УНИАН ақпарат көзіне сілтеме жасап.

"Бұл демократиялық сайлау болды және Украина халқының демократиялық бағытын белгіледі" - деді Украинадағы сайлауды бақылау бойынша ЕҚЫҰ-ның арнайы үйлестірушісі міндетін атқарушы Жоао Соарес. Сондай-ақ, ол президенттік сайлауға дауыс беруге келгендер көрсеткішінің жоғары болғанын атап өтті.

Айта кетерлігі, 70, 80 пайыз хаттамаларды тексеру қортындысы бойынша Украина президенттігіне сайлауда Порошенко 53,75 пайыз дауыс жинап, көш бастап келеді. Экс-премьер Юлия Тимошенко - 13,11 пайыз. Үшінші орында Украина "Радикалдар партиясының" жетекшісі Олег Ляшко  - 8,48 пайыз дауыс жинаған.

"Соңғы 23 жылда мұндай сайлау болмаған" - дейді Юлия Тимошенко. Ол сайлауға қатысқан барлық азаматтарға алғысын білдірді, әсіресе елдің шығысындағы тұрғындарға. "Әскери агрессия жағдайында болған сайлауға келіп дауыс беру өте қиын, сондықтан сайлаудың өткені Украина үшін де, Украина халқы үшін де жеңіс" - деді ол.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети