Елбасы Қырымдағы референдумның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елбасы Қырымдағы референдумның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтты Нұрсұлтан Назарбаев. Фото ©tengrinews.kz

Мемлекет басшысы Нұрсултан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі РФ президенті әкімшілігінің kremlin.ru ресми сайтына сілтеме жасап. "Владимир Путин Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті. В.Путин мен Н.Назарбаев Украинадағы жағдайға байланысты пікірлерімен алмасты", - делінген сайттағы хабарда. Хабарда айтылғандай, әсіресе бүгін Қырымда өтіп жатқан референдумға баса назар аударылды. "Оның жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығы, қырымдықтар үшін маңызды болып табылатын мәселеде тұрғындардың тілектерін еркін білдіру мүмкіндігі қамтамасыз етілгендігі атап өтілді", - делінген мәтінде. Еске салсақ, 16 наурызда Қырымда автономия мәртебесі туралы референдум өтеді. Сағат жергілікті уақытпен таңғы 8-де дауыс беру басталды; дауыс беру 12 сағатқа созылып, кешкі сағат 20:00- де тоқтатылады. Референдумның алғашқы ресми нәтижелері күн соңына дейін халыққа жарияланатын болады. Ақырғы нәтижені 17 наурызда жариялайды. Референдумда Қырымның Ресеймен бірігуі және Қырымның 1992 жылғы Конституциясын қайта қалпына келтіру және Қырымның Украинаның бір бөлігі ретіндегі мәртебесі мәселелері қаралатын болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети