"Елім үшін ұяламын". Ресейлік дипломат БҰҰ-дағы қызметінен кетті

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Елім үшін ұяламын". Ресейлік дипломат БҰҰ-дағы қызметінен кетті © metro

Ресейдің Женевадағы БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігінің кеңесшісі Борис Бондарев Украинаға қарсы соғысқа байланысты отставкаға кету туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Euronews.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейдің Женевадағы БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігінің кеңесшісі Борис Бондарев Украинаға қарсы соғысқа байланысты отставкаға кету туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Euronews.

Бондарев әлеуметтік желідегі парақшасында дипломатиялық қызмет кезінде "өз елі мен жұмысы үшін ешқашан бұлай ұялмағанын" жазды.

"Путиннің Украинаға және бүкіл батыс әлеміне қарсы басқыншылық әрекеті - Украина халқына ғана қарсы қылмыс емес, сонымен қатар, Ресей халқына да жасалған қарсы ең ауыр қылмыс", - делінген дипломат мәлімдемесінде.

Бондаревтің айтуынша, "кейінгі 20 жыл ішінде Ресей СІМ-нің өтірігі мен кәсібилігінің деңгейі жоғарылап кеткен". Қазір министрлік "не болып жатқаны туралы ашық ақпарат берудің орнына" 30-жылдардағы кеңестік газеттер секілді үгіт-насихат клишелерін таратады. Сондай-ақ, ол "мемлекеттік қызметте қалу және жойқын саяси бағытты ұстану өз отанына опасыздық жасау" деп санайды.

"Коммерсант" басылымы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков дипломаттың отставкаға кетуіне қатысты пікір білдіргенін жазды.

Кремль өкілі Бондаревтің "Ресей басшылығының әрекетін айыптауы" бүкіл Ресейге қарсы дегенді білдіретінін айтты.

"Бондарев мырза енді бізбен бірге емес, керісінше ол бізге қарсы. Ол Ресей басшылығының әрекеттерін айыптайды, ал Ресей басшылығының әрекеттерін еліміздің барлық тұрғыны қолдайды. Демек, бұл мырза еліміздің ортақ пікірлеріне қарсы шықты", - деді Песков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети