13 шілде 2021 | 12:36

Елшілік қазақстандықтарға Ресейге өту ережелерін түсіндірді

Фото: TENGRINEWS/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі Ресей Федерациясына кіру ережелерін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі Ресей Федерациясына кіру ережелерін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2021 жылдың 10 шілдесінен бастап Ресеймен мемлекеттік шекараны кесіп өту үшін "COVID-19-сыз саяхат" бағдарламасы бойынша COVID-19-ға тапсырған ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткен анықтама болуы керек.

"Алдымен қосымшаны жүктеп алу керек, кейін қосымшада көрсетілген тізімнен өзіңізге ең жақын зертхананы таңдау керек. Кейін ПТР-сынама тапсырып, нәтижесін алғаннан кейін оны QR-кодты сканерлеу арқылы (кодты зертхана береді) "Тесттер" бөліміне жүктеу қажет болады. Шекарадан өткен кезде осы кодты шекара қызметкерлеріне көрсету қажет", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ресей Федерациясының бас санитария дәрігерінің қаулысындағы өзгеріске сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары (Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы) 2021 жылдың 10 шілдесінен бастап Ресей Федерациясының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде "COVID-19-сыз саяхат" мобильді қосымшасын қолдана отырып, COVID-19 ПТР-нің теріс нәтижесінің болуын (Ресей Федерациясына келгенге дейін 72 сағаттан аспаған) растауы қажет.

Ресейге құрлықтағы өткізу пункттері арқылы кіруге әлі де шектеу қойылған.

"Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары қосымша шарттарсыз Ресейге тек тұрақты жолаушылар әуе қатынасын қайта бастаған барлық мемлекет әуерейсімен келе алады.

Ресей мынадай елдермен тұрақты жолаушылар әуе қатынасын жүзеге асырады: Қазақстан, Беларусь, Түркия, Ұлыбритания, Швейцария, Египет, Мальдив, БАӘ, Қырғызстан, Корея Республикасы, Куба, Сербия, Жапония, Сейшель аралдары, Эфиопия, Вьетнам, Үндістан, Катар, Финляндия, Әзірбайжан, Армения, Грекия, Сингапур, Венесуэла, Германия, Сирия, Тәжікстан, Өзбекстан, Шри-Ланка, Исландия, Мальта, Мексика, Португалия, Сауд Арабиясы, Австрия, Венгрия, Ливан, Люксембург, Маврикий, Марокко, Португалия, Хорватия, Бельгия, Болгария, Иордания, Ирландия, Италия, Кипр, Қытай, Лихтенштейн, Солтүстік Македония, Америка Құрама Штаттары", - деп қосты елшілік.

Ресейге кіру тәртібі Қазақстан елшілігінің сайтында жарияланған.

"COVID-19-сыз саяхат" қосымшасы қазақстандықтар үшін маусымның басында қолжетімді болды. Оны Еуразиялық Даму банк ЕАЭО елдерінің азаматтары шекарадан өткен кезде ПТР-сынама нәтижелерін ұялы телефон көмегімен ұсыну мүмкіндігіне ие болуы үшін әзірледі және оларға ПТР-сынама нәтижелері бар анықтамаларды қағаз түрінде ұсыну талап етілмейді. QR-код түріндегі нәтижелер қосымшада сақталады. Шекарадан өткен кезде QR-кодты көрсету жеткілікті.

IOS үшін "COVID-19-сыз саяхат" қосымшасына сілтеме.

Android үшін "COVID-19-сыз саяхат" қосымшасына сілтеме.

Сондай-ақ, қосымшада коронавирусты тексеруге арналған аккредиттелген зертханалардың тізімі жүктелген. Талдауды тапсырған адамға қағаз анықтаманы алу үшін медициналық мекемеге оралудың қажеті жоқ. Оның нәтижелерін зертхана жүйеге жібереді және олар қосымшада көрсетіледі. ЕАЭО елдерінің шекараларын кесіп өту кезінде пайдаланушы QR-кодты сканерлеп, тексеруден өте алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная