08 шілде 2021 15:17

Ресей қазақстандықтар үшін шекарадан өтуде жаңа ереже қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Shutterstock Фото: Shutterstock

10 шілдеден бастап Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасынан өтудің жаңа ережелері енгізіледі. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


10 шілдеден бастап Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасынан өтудің жаңа ережелері енгізіледі. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2021 жылдың 10 шілдесінен бастап Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасынан өту үшін "COVID-19-сыз саяхат" бағдарламасы арқылы ПТР-тесттің теріс нәтижесінің болуын растау қажет", - делінген хабарламада.

Қазақстандықтар алдын ала қосымшаны жүктеп, қосымшадағы зертханалар тізімен жақын жерде орналасқанын таңдауы керек. ПТР-тест тапсырып, теріс нәтиже алып, оны қосымшада "Тесттер" бөліміне QR-арқылы сканерлеу қажет. Шекарадан өтер кезде сол кодты шекара қызметкерлеріне көрсету керек. 

"Ресей Федерациясының бас санитарлық дәрігерінің қаулысындағы өзгеріске сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары (Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы) 2021 жылдың 10 шілдесінен бастап Ресей Федерациясының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде "COVID-19-сыз саяхат" мобильді қосымшасын қолдана отырып, COVID-19 ПТР-нің теріс нәтижесінің болуын (Ресей Федерациясына келгенге дейін 72 сағаттан аспаған) растауы қажет", - делінген хабарламада. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети