06 қазан 2016 11:41

Емельяненко Рамзан Қадыровтың ұлдары қатысқан ММА жекпе-жектерін сынап тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© korrespondent.net © korrespondent.net

Ресейдің ММА одағын басқаратын танымал спортшы Федор Емельяненко Грозныйда өткен Grand Prix Akhmat 2016 турнирінің жекпе-жектерін сынға алды. Бұл жекпе-жектерге балалар, соның ішінде Рамзан Қадыровтың кәмелетке толмаған үш ұлы қатысқан, - деп хабарлайды Lenta.ru.


Ресейдің ММА одағын басқаратын танымал спортшы Федор Емельяненко Грозныйда өткен Grand Prix Akhmat 2016 турнирінің жекпе-жектерін сынға алды. Бұл жекпе-жектерге балалар, соның ішінде Рамзан Қадыровтың кәмелетке толмаған үш ұлы қатысқан, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Ресейдің ММА одағы аясында өткен жарысқа ереже бойынша 12 жасқа толған балалар ғана қатысу керек болатын. 21 жасқа дейінгі спортшылар денеге жабысып тұратын синтетикалық материалдан (рашгард) тігілген футболка мен қорғаныс амунициясын киюі қажет. Емельяненконың айтуынша, Грозныйда өткен жекпе-жектер ересек кәсіби спортшыларға арналған ережелер бойынша өткізілген. 

"Бұл балаларға жарамайды. 12 жасқа дейінгі балаларға ММА ережесі бойынша, жекпе-жекке мүлде қатысуға болмайды. Кешегі Грозныйда өткен турнирде орын алған жайттарды ақтап алуға келмейді. Онда 8 жастағы балақайлар мәз болып отырған ересектердің көзінше бірін-бірі төпештейді. Балалардың денсаулығына зиян келтіріп жатқанын тамашалаудың не қажеті бар?! Осының бәріне Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың қарап отырғанына ашуым келді", - деді Емельяненко балалар жекпе-жегін "Матч.Боец" арнасында тікелей эфирде көрсеткеніне таңданысын білдіріп.

Айта кетейік, балалардың қатысуымен болған жекпе-жектер Грозныйда 4 қазанда өтті. Турнирге Рамзан Қадыровтың үш ұлы (10, 9 және 8 жастағы) қатысты. Үшеуі де жеңіске жетті. Жарыс Қадыровтың туған күніне қарсы өткізілген, ол 5 қазанда40 жасқа толған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети