19 тамыз 2021 | 17:08

ЕО ауған босқындарын қабылдауға міндетті - Еуропарламент басшысы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Еуропалық парламент төрағасы Еуропалық Одақ (ЕО) елдерін Ауғанстаннан босқындарды көшіруді ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Еуропалық парламент төрағасы Еуропалық Одақ (ЕО) елдерін Ауғанстаннан босқындарды көшіруді ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Еуропарламент басшысы Давид Сассолидің айтуынша, Еуроодақ ауған босқындарын қабылдауға жауапты және ЕО-да жұмыс істеген ауғандарды қалдыра алмайды. Себебі, осыған байланысты олардан кек алу қаупі бар.

Сассолидің айтуынша, елде болып жатқан соңғы оқиғалар көші-қонды арттыруы мүмкін. Ол бірінші кезекте халықаралық миссиялармен жұмыс жасаған ауғандар елден кетуге тырысатынын айтты.

 Давид Сассоли/©REUTERS

Басылым мәліметінше, Американың заңнамасы алып тасталғаннан кейін елге бақылау орнатқан "Талибан" қозғалысының (Жоғарғы сот шешімі бойынша Қазақстанда тыйым салынған қозғалыс) өкілдері бейбітшілікті қалайтынын, бұрынғы қарсыластарынан кек алмайтынын және мұсылман заңнамасы талаптары аясында әйелдер құқығын сақтауға ниетті екенін айтады.

Алайда, мақалада ауғандар бұл уәдеге күмәнмен қарайтыны, мыңдаған ауған елден кетуге үміттенетіні жазылған. Олардың қатарына АҚШ бастаған шетелдік күштермен жұмыс істеген жеке тұлғалардың едәуір бөлігі кіреді.

Сассоли Ауғанстаннан келген босқындар ЕО-ға мүше мемлекеттер арасында біркелкі бөлінуі керек екенін айтты.

"Біз жұмыс істеген және бізбен жұмыс істегендерді қорғауымыз керек, олардан кек алуына жол бермеуіміз керек. Біз жауаптымыз. Менің ойымша, Еуропалық комиссия теңдікті сақтау үшін мүше мемлекеттер арасында олардың тең бөлінуіне рұқсат бере алады. Бұл тез арада жасалуы керек", - деді Сассоли Литва астанасы Вильнюске жасаған сапары кезінде.

Батыс елдерінің бірінің қауіпсіздік қызметкері мәліметінше, сәрсенбідегі жағдай бойынша 2200-ден аса дипломат пен басқа да бейбіт тұрғындар әскери ұшақпен Ауғанстаннан көшірілген.

Бұған дейін Еуропалық Одақ пен 67 мемлекет "Талибан" Ауғанстанда билікті басып алғаннан кейін ауған халқына көмектесуге дайын екенді туралы бірлескен мәлімдеме шығарған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети