25 мамыр 2021 11:29

ЕО Беларуське инвестициялық көмек көрсетуін тоқтатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

@REUTERS @REUTERS

Еуропалық Одақ (ЕО) Беларусь үшін бөлінген 3 миллиард еуро мөлшеріндегі инвестициялық көмекті тоқтатып қойды, - деп хабарлайды Reuters.


Еуропалық Одақ (ЕО) Беларусь үшін бөлінген 3 миллиард еуро мөлшеріндегі инвестициялық көмекті тоқтатып қойды, - деп хабарлайды Reuters.

Бұл туралы Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Брюссельде өткен ЕО көшбасшылары кездесуі алдында мәлімдеді. Онда Беларуське қарсы жаңа санкциялар енгізу туралы мәселе қаралды.

"ЕО-ның Беларусь үшін 3 миллиард еуро инвестициялық және экономикалық көмегі бар, ол Беларусь демократиялық ел болғанға дейін тоқтайды", - деді ол Twitter-парақшасында.

Еурокомиссия басшысы жаңа санкциялар Ryanair ұшағын мәжбүрлеп қондыруға қатысы бар адамдарға, ел басшылығын қаржыландыратын кәсіпорындар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерге және Беларусь авиациялық секторына бағытталуы мүмкін екенін айтты.

Сонымен қатар, ЕО-ға кіретін 27 ел басшысы бүгінгі саммиттің қорытындысы бойынша оппозиция жетекшісі Роман Протасевич пен оның қызы София Сапеганы тез арада босатуға шақырды.

Еске салайық, 23 мамырда күндіз Ryanair әуе компаниясының Афинадан Вильнюске ұшып бара жатқан ұшағы Минскіде шұғыл қонған. "Ұшақ бомба қойылды деген хабардан кейін қондырылды", - делінген әуежай хабарламасында. 

Ұшақ бортында журналист, Nexta телеграм-арнасының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевич болған. Кейін Роман Протасевич отырған Ryanair әуекомпаниясының ұшағын қондыру туралы бұйрықты Беларусь президенті Александр Лукашенко бергені анықталды.

Батыс елдері тез арада Nexta негізін қалаушысын босатуды талап етті. Nexta 2020 жылғы тамызда Беларусьтегі президенттік сайлаудың нәтижелері жарияланғаннан кейін жаппай наразылық кезінде оппозицияның негізгі алаңдарының бірі болды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети