Еуропалық Одақ халықты COVID-19-ға қарсы вакциналау науқанының нәтижесін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі REUTERS-ке сілтеме жасап.
Еуропалық Одақ халықты COVID-19-ға қарсы вакциналау науқанының нәтижесін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі REUTERS-ке сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау мәселесі жөніндегі еуропалық комиссар Стелла Кириакидестің айтуынша, Еуропа маңызды көрсеткішке жетті: вакцинаның бірінші дозасын ересектердің 70 пайызы алса, 57 пайызы толық екпе алған. Еуропа вакцина алған тұрғындар көрсеткіші жаздың аяғына дейін 70 пайыз болады деп болжап отыр.
Ұлыбритания мен АҚШ сияқты елдермен салыстырғанда ЕО-ның вакцинация науқаны баяу қарқынмен жүріп жатыр. Бұл AstraZeneca вакцинасының кешігіп жеткізілуіне байланысты. Алайда екінші тоқсаннан бастап препарат дозаларын, әсіресе Pfizer-BionTech вакцинасын жеткізу күрт артқаннан кейін, қазір Еуропалық Одақ осы көрсеткіш бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі болды, деп мәлімдеді Еуропалық комиссияның президенті Урсула фон дер Ляйен.
"Біз сәтті өттік, бірақ әлі де күш салу керек. "Дельта" штамы өте қауіпті, сондықтан мен мүмкіндігі бар кез келген адамды вакцина алуға шақырамын. Өз денсаулығы үшін және басқаларды қорғау үшін", - деді шенеунік.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!