ЕО кедей елдерге коронавирусқа қарсы вакцинаның 200 миллион дозасын бермек

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ЕО кедей елдерге коронавирусқа қарсы вакцинаның 200 миллион дозасын бермек Фото: elements.envato.com

ЕО табысы төмен елдерге 200 миллион доза COVID-19-ға қарсы вакцина береді. Бұл туралы Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ЕО табысы төмен елдерге 200 миллион доза COVID-19-ға қарсы вакцина береді. Бұл туралы Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

"Әлемдік денсаулық сақтау саласындағы ең үлкен дағдарыстан бірге өтуді ұйғардық", - деді фон дер Ляйен және ол Еуропадағы ересектердің 70 пайызы толық екпе алғанын айтты.

Сондай-ақ, ол Еуропа өзінің вакциналар қорын басқа елдермен бөлісетін жалғыз аймақ екенін және табысы төмен елдерге тағы 200 миллион доза вакцина беруге уәде бергенін айтты.

"Біз қазірдің өзінде 250 миллион дозаны бөлуге міндеттеме алдық. Келесі жылдың ортасына қарай табысы төмен елдерге тағы 200 миллион дозаны қосамыз", - делінген хабарламада.

Алайда ЕО комиссиясының төрағасы бүкіл әлемде COVID-19-ға қарсы вакцинация қарқынын жеделдету керектігін айтты

Еуропалық комиссия басшысы экономикалық дамыған елдер мен кедей елдер арасындағы экономикалық теңсіздікті мойындады.

"Дүниежүзілік вакцина дозаларының бір пайызынан азы табысы төмен елдерде қолданылғанын ескерсек, әділетсіздік деңгейі айқын", - деді ол.

Бұған дейін ЕО COVID-19-ға қарсы екпе алған ересек адамдар санын атаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети