ЕО мен ЕАЭО Минск келісімі орындалғанда ғана ынтымақтаса алады - Меркель

ПОДЕЛИТЬСЯ

ЕО мен ЕАЭО Минск келісімі орындалғанда ғана ынтымақтаса алады - Меркель Ангела Меркель. ©REUTERS

Германия канцлері Ангела Меркель Еуроодақ пен Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) арасындағы ортақ экономикалық кеңістік туралы келіссөздер жүргізу украин дағдарысын реттеу жөніндегі Минск келісімінде ілгерілеушілік байқалған жағдайда ғана мүмкін болады деп мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Германия канцлері Ангела Меркель Еуроодақ пен Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) арасындағы ортақ экономикалық кеңістік туралы келіссөздер жүргізу украин дағдарысын реттеу жөніндегі Минск келісімінде ілгерілеушілік байқалған жағдайда ғана мүмкін болады деп мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды. 

Қараша айында Ресейдің экономикалық даму министрлігі Еуропалық комиссияға ЕАЭО мен ЕО арасында экономика мен бизнес-серіктестік жөнінде жаңа диалог жүргізу туралы ұсынысты жолдаған. "Егер біз Минск хаттамасының 12 тармағының орындалуында айтарлықтай прогресті байқайтын болсақ, біз мұндай қадамға дайынбыз, өйткені Ресей мен Украина экономикалық қатынастарда тығыз байланыста", - деп жауап берді Меркель бұл ұсынысқа. "Өз тарапымнан біздің Ресеймен, Қазақстанмен және Беларусьпен үлкен экономикалық аймақ құруға қарсы емес екенімізді айтқым келеді", - деді ол. 

Германия канцлері егер Киев реформалар жүргізетін болса, Еуропа одағынан экономикалық көмек ала алатынын жеткізді. "Біз көмектескіміз келеді, бірақ ол үшін нақты экономикалық реформалар мен жемқорлыққа қарсы ауқымды күрес жүргізілуі керек. Мұны ел азаматтары да күтеді деп ойлаймын", - деді Меркель Еуроодақтың жоғары деңгейдегі кездесуі кезіндегі баспасөз мәслихатында. Канцлер бұл елге әскери көмек көрсету мәселелері талқыланбағанын айтты.

Бұған дейін Меркель Еуроодақтың Ресейдің әрекеттеріне тиісті жауап қайтаруы дұрыс деп есептейтінін мәлімдеген еді. Ол "Мәскеу 1994 жылғы Будапешт меморандумында бекітілген Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігін бұзды, бұл әрекеттерді салдарсыз қалдыруға болмайды" деген болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети