ЕО Ресеймен соғысып жатқан жоқ - Боррель

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ЕО Ресеймен соғысып жатқан жоқ - Боррель Фото ©REUTERS

ЕО Ресеймен соғысып жатқан жоқ, бірақ қазіргі жағдайда Украинаны қолдайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ЕО Ресеймен соғысып жатқан жоқ, бірақ қазіргі жағдайда Украинаны қолдайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Еуропалық Одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Жозеп Боррель испаниялық Cadena SER радиосына берген сұхбатында айтты.

"Біз Ресеймен соғысып жатқан жоқпыз, бірақ қазіргі жағдайда Украина жағындамыз. Санкция санкцияланған елдің экономикасына зиян келтіру үшін енгізіледі, бірақ ол бізге де зиян келтіретіні сөзсіз. Сондықтан біз бәріне дайын болуымыз керек", - деді еуропалық дипломат.

Боррель Ресейге санкция салған дұрыс екенін, бірақ санкция салу саясат емес, қазір болып жатқан жағдайларға реакция екенін айтты. Сондай-ақ, еуропалық армия құру күн тәртібінде жоқ екенін айтып, ЕО-ға мүше елдердің қорғаныс шығындарын ұжымдық түрде арттыруға шақырды.

"Біз көбірек және жақсырақ инвестиция салуымыз қажет, еуропалықтар біз кездесетін қиындықтарға жауапкершілікпен қарауы тиіс", - деп түйіндеді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети