ЕО Сбербанкті SWIFT жүйесінен шығаруға келісті

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ЕО Сбербанкті SWIFT жүйесінен шығаруға келісті ©REUTERS

Еуропалық Одақ (ЕО) Сбербанкті SWIFT жаһандық банкаралық төлем жүйесінен шығаруға келісті, - деп хабарлайды Reuters.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еуропалық Одақ (ЕО) Сбербанкті SWIFT жаһандық банкаралық төлем жүйесінен шығаруға келісті, - деп хабарлайды Reuters.

Бұл туралы Twitter-де Еуропалық кеңес басшысы Шарль Мишель хабарлады. Ведомство мәліметінше, мұндай шешім санкцияның алтыншы пакеті аясында қабылданған.

"Бұл санкциялар пакеті басқа да қатаң шараларды қамтиды. Мысалы, Ресейдің ең ірі банкі Сбербанк SWIFT жүйесінен шығарылды", - деп жазды ол.

Сонымен қатар, Еуроодақ елдерінің басшылары Ресейден мұнай жеткізуге эмбаргоға қатысты шешім қабылдады. Мишель ресейлік қара алтынды жеткізуге тыйым салу ішінара болатынын айтты.

"ЕО көшбасшылары Ресейден мұнай импортына ішінара тыйым салу туралы келісті. Бұл бірден Ресейден келетін мұнай импортының үштен екісінен астамын жауып, оның әскерді қаржыландыру мүмкіндігін азайтады", - деп жазды Мишель.

Сондай-ақ, Еуроодақ басшысы ЕО Ресейдің тағы 3 мемлекеттік теле-радиокомпаниясына тыйым салатынын және Украинадағы әскери қылмыстарға жауаптыларға санкция салатынын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети