Ер адам Playboy моделін пышақтап, артынша өзіне қол салған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ер адам Playboy моделін пышақтап, артынша өзіне қол салған © Anastasia Cia/ Instagram

Кишиневте ер адам 31 жастағы әйелі - фотомодель Анастасия Чекатиді пышақтап өлтіріп кеткен, - деп хабарлайды РИА Новости Sputnik Молдова басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кишиневте ер адам 31 жастағы әйелі - фотомодель Анастасия Чекатиді пышақтап өлтіріп кеткен, - деп хабарлайды РИА Новости Sputnik Молдова басылымына сілтеме жасап.

Полицейлер денесінде пышақ жарақаттары бар әйелді пәтерінен тапқан. Ал күйеуі Алексей Митаки өз-өзіне қол жұмсаған.

Басылымның мәліметінше, осыған дейін ер адам туыстарына хабарласып, олардың сәбилеріне қамқор болып жүрулерін сұраған екен. Туыстарының айтуынша, ерлі-зайыпты жақсы қарым-қатынаста болмаған. Митакидің басқа әйелі болғаны айтылады.

Айта кетейік, 31 жастағы Анастасия Чекати Anastasia Cia лақап атымен танымал. Модель Playboy, Maxim және GQ журналдарына түскен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети