28 қаңтар 2020 | 11:20

Ер адам пойыздың астына түсіп кеткен баланы құтқарды - видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Мысырдың Исмаилия қаласының тұрғыны пойыз астына түсіп кеткен баласын денесімен жауып, өлімнен құтқарды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

Мысырдың Исмаилия қаласының тұрғыны пойыз астына түсіп кеткен баласын денесімен жауып, өлімнен құтқарды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Masrawy порталының мәліметінше, оқиғаның видеосы жексенбіде әлеуметтік желіде жарияланған. Онда екі адамның теміржол рейсінің шетінде жатқанын, әрі пойыздың жүйткіп өтіп бара жатқанын анық көруге болады.

Аля Ибрагим есімді студент порталға видеоны өзі түсіргенін айтқан. Оның айтуынша, әкесі мен қызы перронды шатастырып алған. Ал тиісті пойыз келген кезде оған секіріп мінбек болған.

"Қыз абдырап қалып, пойызға мініп үлгермеген. Пойыз теміржолдың бойымен жүріп бара жатты. Осы уақытта әкесі перронға құлап кеткен қызының үстіне секіріп, оны денесімен жапты", - дейді Ибрагим.

Оның айтуынша, куәгерлер оларды өледі деп ойлаған. Алайда пойыз өтіп, әкесі мен қызы өлімнен аман қалған. Алайда қыз осы жағдайдан қатты есеңгіреп, жүре алмай қалыпты. Ол 15 минуттан соң өз-өзіне келген.

Мысырдың теміржол басқармасындағы дереккөздің айтуынша, басылымға бұл оқиғаның болғанын растаған.

Оның айтуынша, теміржолға қыз емес, ұл бала құлапты. Сонымен қатар ол баланың әкесі жерасты өтпе жолынан өтудің орнына, перрондардың үстінен секіріп, жолды қысқартпақшы болған. Осылайша, ол өзі мен ұлының өміріне қауіп төндірген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети