Ер адамның шіркеуде кәмелетке толмаған баланы азғырғаны видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ер адамның шіркеуде кәмелетке толмаған баланы азғырғаны видеоға түсіп қалды © North Charleston Police

АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында орналасқан шіркеулердің біріндегі видеобақылау камерасына қызметкердің үш жасар баланы азғырып жатқан сәті түсіп қалған, - деп жазады Lenta.ru New York Post газетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында орналасқан шіркеулердің біріндегі видеобақылау камерасына қызметкердің үш жасар баланы азғырып жатқан сәті түсіп қалған, - деп жазады Lenta.ru New York Post газетіне сілтеме жасап.

Газеттің мәліметінше, 28 жастағы Роберт Ли Хазлет ерікті болып жұмыс істеген және ол 3-5 жасар балалармен жұмыс істеген. Жарияланған видеодан ер адамның тәрбиеленушілердің бірін дәретханаға кіргізіп, онымен жыныстық қатынасқа түскені көрінеді.

Камера дәретхананың сыртында тұрған, алайда шіркеу өкілінің айтуынша, дәретхана есігі ашық қалып қалған.

Шіркеудегілер бұл жағдайды жоққа шығармады, керісінше, барлығына ескерту түрінде хаттар жолдаған. Онда шіркеу әкімшлігінің балалардың қауіпсіздігі үшін барлығын жасайтыны айтылады.

Осылайша, шіркеу қызметкері бірінші деңгейлі (кәмелетке толмаған баламен жыныстық қатынасқа түсу) қылмыс жасады деп айыпталды. Ол енді 25 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети