Эр-Риядта Ресей мен АҚШ делегацияларының келіссөздері басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Эр-Риядта Ресей мен АҚШ делегацияларының келіссөздері басталды Фото: РФ СІМ

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта Ресей мен АҚШ делегацияларының келіссөздері басталды. Бұл туралы ресейлік БАҚ хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Осторожно, новости" арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта Ресей мен АҚШ делегацияларының келіссөздері басталды. Бұл туралы ресейлік БАҚ хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Осторожно, новости" арнасына сілтеме жасап.

Ресей делегациясын Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров, АҚШ-ты Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио басқарады.

Күн тәртібінде Мәскеу мен Вашингтон арасындағы екіжақты қатынастарды жақсарту, сондай-ақ, Украинадағы әскери қақтығысты реттеу мәселесі тұр.

Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ресейлік БАҚ-қа Эр-Риядтағы кездесуде "Путин мен Трамптың кездесетін күні бойынша кейбір болжамдар" айтылуы мүмкін екенін жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін БАҚ-та үш тарап Сауда Арабиясында кездесетіні туралы ақпарат тарады. Ал Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз үстеліне отыруға дайын екенінайтты. Оның сөзінше, украиналықтар үшін бейбітшілік орнатудың жалғыз жолы осы болса, бұл қадамға баруға әзір.

Жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та Украина төңірегіндегі жағдай туралы пікір білдіріп, еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығы ең басты құндылық екеніне назар аударды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети