15 шілдеде кешкі уақытта әскери төңкеріліс әрекеті болған Түркиядан бір-біріне қарама-қайшы хабар жетіп жатыр. Түркияның Бас штабы ел билігінің ұсталғанын, алайда қазіргі барлық халықаралық қарым-қатынастардың жалғасатынын мәлімдеп отыр. Алайда кейін ел президенті Тайып Ердоған Skype арқылы үндеу жасап, адамдарды көшеге шығуға, тәртіпсіздікті тоқтатуға шақырды. Түрік Президенті әскери төңкерілісті ұйымдастырғандарды қатаң жазалауға уәде берді, - деп хабарлайды РИА Новости.
15 шілдеде кешкі уақытта әскери төңкеріліс әрекеті болған Түркиядан бір-біріне қарама-қайшы хабар жетіп жатыр. Түркияның Бас штабы ел билігінің ұсталғанын, алайда қазіргі барлық халықаралық қарым-қатынастардың жалғасатынын мәлімдеп отыр. Алайда кейін ел президенті Тайып Ердоған Skype арқылы үндеу жасап, адамдарды көшеге шығуға, тәртіпсіздікті тоқтатуға шақырды. Түрік Президенті әскери төңкерілісті ұйымдастырғандарды қатаң жазалауға уәде берді, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Үкіметтің жауы көп. Бұл әрекетті жасап жатқандар өкінетін болады. Біз бұл басып алу әрекетін таяуда жоямыз", - деді ол.
Эфирінде Ердоғанның сөйлегені жайлы видеожазба көрсетілген CNN Turk телеарнасы Түркия президентінің қауіпсіздікте екенін хабарлады, себебі төңкеріліс әрекеті кезінде ол Бодрумдағы курортта болыпты. Ал тағы бір дереккөз Ердоғанды күзеттің Мармарис портына жеткізгенін хабарлап отыр.
NTV телеарнасының эфирінде Ердоған мемлекеттік төңкеріліс жасамақшы болды деп оппозициялық ислам уағызшысы Фетхуллах Гүленді айыптады. Ол қудалаудан кейін АҚШ-та тұрады. "Төңкеріліс жасау әрекеті жайлы белгілі болды. Мен бар халқымды көшелер мен алаңда күтемін. Біз лайықты жауап қатамыз. Бұл әрекеттің "Параллель мемлекеттің" жасағанын білеміз. Олар қатал жазаланады", - деді мемлекет басшысы.
Ердоғанның бұл үндеуінен кейін Анкара, Ыстамбұл және Измир тұрғындары көшеге шығып, елде мемлекеттік төңкеріліс жасау әрекетіне наразылық білдіре бастады. Адамдар әскери техниканың қозғалысына кедергі болып жатыр, деп хабарлайды түрік телеарнасы. Ердоғанның жақтаушылары "Иық тіресіп, төңкеріліске қарсы тұрайық!" деп ұрандатып жатыр.
Ал Түркия көшелерінде танктер жүріп жатыр. Ыстамбұл әуежайының маңында атыстардың естіліп жатқаны да хабарланып отыр. Әлемдік әуе компаниялары Түркияға ұшатын рейстерінің барлығын тоқтатып, ұшақтарды аспаннан кері қайтарып алып жатыр. Көптеген елдің билігі азаматтарын көшеге шықпауын ескерту үстінде.
Анкарада түнде бірнеше алапат жарылыс болыпты. Танктердің Түркия парламентінің ғимаратын қоршап алғаны айтылады. Anadolu агенттігінің мәліметінше, Анкарадағы Гелбаши ауданында әскери төңкеріліс әрекеті барысында полицияның 17 қызметкері қаза тапқан.
Интернетте төңкеріліс әрекетінің барысында болған жарылыстың видеосы жарияланды. Кейбір мәліметтер бойынша, жарылыс парламентте болған, ал басқа дереккөздер бұл видеода телеорталықтың болғаны айтып отыр.
Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырлым Focus басылымына төңкерілісшілердің бірнеше лидерінің ұсталғанын мәлімдеді: "Төңкеріліс әрекетінің бірнеше лидері ұсталды. Демократия жеңеді", - деді ол. Сонымен қатар, Түркия әскери әуе күштерінің F-16 жойғышының мемлекеттік төңкеріліске қатысушылардың Sikorsky әскери ұшағын атып құлатқаны хабарланды.
Түркияда әскери төңкеріліс жасау әрекетінің жүзеге аспағаны және оны ұйымдастырушыларының қамауға алынып жатқанын Ыстамбұл губернаторы Васип Шахин хабарлады. "Әскери төңкеріліс әрекеті жүзеге аспады. Бүлікті ұйымдастырушыларды ұстап, қамау шаралары жүріп жатыр", - деді ол сенбі күні NTV телеарнасына берген сұхбатында.
Телеарна тілшілері Бурса провинциясының жандермериясының басшысы ұсталғанын хабарлады. Ұлттық барлау ұйымының мәліметінше, Түркияда әскери төңкеріліс әрекетін ӘӘК пен жандармерия қолбасшылықтары ұйымдастырған.