Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 20 шілдеде өз егемендігін жариялаған Солтүстік Кипр Түрік Республикасына (СКТР) сапары кезінде дүние жүзіне жолдау жасайтынын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 20 шілдеде өз егемендігін жариялаған Солтүстік Кипр Түрік Республикасына (СКТР) сапары кезінде дүние жүзіне жолдау жасайтынын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.
"20 шілдеде СКТР-ге барып, Солтүстік Кипр туралы қажетті жолдауды жасаймын деп үміттенемін. Бұл тек аралға емес, бүкіл әлемге қатысты", - деді Ердоған Анкарада жастармен кездесуінде.
Женевада БҰҰ бастауымен 27-29 сәуірде Кипр бойынша "5+БҰҰ" форматындағы бейресми келіссөз өткен, оған грек-кипрліктер мен түрік-кипрліктер тарапы, сондай-ақ үш ел - тәуелсіздік, аумақтық тұтастық және қауіпсіздік кепілгерлері - Грекия, Түркия және Ұлыбритания өкілдері қатысқан. Кездесудің мақсаты - тараптардың алдағы уақытта Кипр проблемасын ұзақ мерзімді шешу бойынша келіссөз жүргізуіне ортақ негіз бар-жоғын анықтау және келіссөзді қайта бастауға жағдай жасау.
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш кездесудің нәтижесіне қатысты пікір білдіріп, қатысушылар Кипр мәселесін реттеу бойынша тікелей келіссөзді қайта бастау үшін ортақ негіз таба алмағанын айтқан. Енді Кипр бойынша жаңа бейресми кездесу екі-үш айдан кейін өтуі мүмкін.
Кипр 1974 жылдан бері грек және түрік қауымдастықтары арасында бөлінген. Басында аралды Грекия өз аумағына қосуға тырысқан, кейін сол жаққа Түркия қарумен кірген. Түркия аралдың 37 пайызын басып алып, 1983 жылы сол жерде Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) егемендігін жариялаған. Оны тек Түркия мойындаған. Кипрді біріктіру бойынша грек және түрік қауымдастықтары арасындағы келіссөзге БҰҰ араласқан. 2017 жылы Швейцарияның Кранс-Монтана қаласында өткен келіссөз сәтсіз болған еді.
2020 жылғы 18 қазандағы сайлауда жеңіске жеткен түрік-кипрліктердің жаңа жетекшісі Эрсин Татар Кипрдің конфедерал жүйесін қолдайды, ал грек-кипрліктер екі аймақтық екі қоғамды федералды мемлекет құруды ұсынады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!