Ердоған БҰҰ басшысы және Зеленскиймен кездесуге Украинаға барды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ердоған БҰҰ басшысы және Зеленскиймен кездесуге Украинаға барды Фото ©REUTERS

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Украинаға барды. Желіде оның Львов қаласында түсірілген кортежінің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Украинаға барды. Желіде оның Львов қаласында түсірілген кортежінің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ердоған Украинаға сапары барысында президент Владимир Зеленскиймен және бір күн бұрын келген БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездеседі.

Түркия делегациясы құрамында түрік дипломатиясының басшысы Мевлют Чавушоглу, Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар, Ұлттық барлау ұйымының басшысы Хакан Фидан, Президент әкімшілігі жанындағы қорғаныс өнеркәсібі басқармасы басшысы Исмаил Демир, билеуші ​​Әділет және даму партиясының ресми өкілі Омер Челик және Түркия үкіметінің кейбір басқа мүшелері бар. Олардың арасында Baykar Makina компаниясының бас директоры Халук Байрактар ​​да бар.

Түркиялық БАҚ өкілдері мәліметінше, Ердоған Зеленскийге Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу ұйымдастыруды, сондай-ақ атысты тоқтату режимін жариялауды ұсынуды жоспарлап отыр.

Кездесуде соғысты деэскалациялау мүмкіндігі, Украина порттарынан Қара теңізге кемелердің қозғалысы, азық-түлік пен астық экспорты, сондай-ақ Запорожье атом электр станциясы төңірегіндегі жағдай талқыланады деп күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети