Ердоған грек шенеуніктерін сынға алды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ердоған грек шенеуніктерін сынға алды Фото ©REUTERS

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Грекия шенеуніктерін сынға алды, - деп хабарлайды Daily Sabah басылымы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Грекия шенеуніктерін сынға алды, - деп хабарлайды Daily Sabah басылымы.

Түркия президенті Эгей теңізіндегі шиеленіс кезінде Түркияға қарсы мәлімдеме жасаудан бас тартқан грек шенеуніктерінің ұстанымын "екіжүзділік" деп атады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от T.C. İletişim Başkanlığı (@iletisim)

Ердоған шығыстағы Ван провинциясында жастар жиналысында сөйлеген сөзінде Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакистің кездесу сұрағанын, кейін АҚШ-қа барып, Түркияға қарсы даулы сөздер айтқанын айтты.

"Мен сізді Вахдеттиннің үйінде қонақ етіп, бірге түскі ас іштік. Сол кездесуде тікелей сөйлесуге, бір мәселе болса үшінші тарапқа жүгінбеуге келістік. Соған қарамастан, бар болғаны 15 күн немесе үш аптадан кейін АҚШ-қа барып, Түркия мен F16-ға қарсы мәлімдеме жасадыңыз. Біз мұны қабылдамаймыз, Мицотаки. Бұл халық бұған мойынсұнбайды. Мұны сенің ата-бабаларың біледі, өткенді қайталауға тырыспаңдар, әйтпесе бұл қымбатқа түседі", - деді Ердоған.

Анкара Эгей аралдарының 1923 және 1947 жылғы келісімдерге сәйкес Грекияға қаруланбау шартымен берілгенін алға тартады.

Грекия Түркияның аралдарды қаруландырып жатыр деген сөздерін "негізсіз" деп бағалады.

Екі ел де Біріккен Ұлттар Ұйымына әуе кеңістігі мен аралдардағы бәсекелес позицияларын сипаттайтын хаттар жіберді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети