30 қаңтар 2022 09:09

Ердоған инфляция туралы мәлімет жариялаған статистика агенттігінің басшысын жұмыстан босатты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Анкарадағы көкөніс базары. Фото: ©REUTERS Анкарадағы көкөніс базары. Фото: ©REUTERS

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ұлттық статистика агенттігінің басшысы Саит Эрдал Динчерді қызметінен босатты. Мұндай шешім елдегі жұмыссыздық пен инфляция туралы мәліметтер жарияланғаннан кейін қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Агенттіктің мәліметінше, Түркиядағы инфляция деңгейі 2021 жылы соңғы 19 жылдағы рекордтық 36,1 пайызды құрады. Сонымен қатар, 2021 жылдың қарашасында жұмыссыздық деңгейі 11,2 пайыз деңгейінде қалды.

Телеарнаның хабарлауынша, агенттік көптен бері көші-қон, өлім-жітім статистикасын жарияламайды.

2021 жылдың наурыз айынан бері қызметте болған Динчердің орнына басқарманы Ерхан Четинкая басқарды.

Осы жылдың басында Ердоған парламентте және Әділет және даму партиясының (AKP) заң шығарушылары алдында сөйлеген сөзінде инфляцияның өсуін тезірек ауыздықтауға уәде беріп, инфляция көрсеткіштері елдің экономикасына сәйкес келмейтінін айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети