Ердоған Катармен ұлттық валютамен сауда жасауды бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ердоған Катармен ұлттық валютамен сауда жасауды бастады © REUTERS

Түркия мен Катар орталық банктері валюта айырбастау бойынша Доха қаласында екіжақты келісімге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  Anadolu басылымына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия мен Катар орталық банктері валюта айырбастау бойынша Доха қаласында екіжақты келісімге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  Anadolu басылымына сілтеме жасап. 

Құжат Катардың Түркия экономикасына 15 миллиард доллар инвестициялау жобасының алғашқы қадамы болып саналады.

Құжатқа Түркия орталық банкінің басшысы Мурат Четинкая және Катар орталық банкінің президенті Абдулла бин Сауд Аль-Тани қол қойған. Қол қою рәсімі Катар ОБ бас кеңсесінде болған. 

Келісімнің мақсаты - екі ел арасында ұлттық валютада сауда айналымын жеңілдету және қаржылай тұрақтылықты қолдау. Сонымен қатар, келісім Түркия резервінің нығаюына өз әсерін береді. Келісімнің бірінші кезеңінде 3 миллиард доллар көлемінде ресурстар пайдаланылады. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети