10 шілде 2018 | 15:54

Ердоған күйеу баласын қаржы министрі қызметіне тағайындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия президенті Тайип Ердоған ұлықтау рәсімінен кейін күйеу баласы Берат Албайракты қаржы министрі қызметіне тағайындады, - деп хабарлайды Reuters.


Иконка комментария блок соц сети

Түркия президенті Тайип Ердоған ұлықтау рәсімінен кейін күйеу баласы Берат Албайракты қаржы министрі қызметіне тағайындады, - деп хабарлайды Reuters.

Бұл туралы мәлімет лира бағамына әсер етті, валюта әлсіреп кеткен. Ердоғанның жаңа реформаларына сәйкес, премьер-министрдің рөлін қысқартып, ендігіде президент өз кабинетін өзі тағайындай алады, министрлікті өзі құрып, азаматтық қызметшілерді парламенттің мақұлдауынсыз қызметінен босата алады. 

"Еліміз үшін бұрын шығыны көп болған және саяси әрі экономикалық хаосқа әкеп соққан жүйеден бас тартамыз", - деді Ердоған.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Ердоғанның салтанатты ұлықтау рәсіміне қатысты. Түркия Президентінің лауазымына Режеп Тайип Ердоғанның кірісу рәсіміне 22 мемлекеттің басшылары, 28 премьер-министр мен парламент спикерлері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың 6 хатшысы қатысты.

Еске салайық, 24 маусымда Түркияда президенттік және парламенттік сайлау өтті. Елдің қазіргі мемлекет басшысы Режеп Тайип Ердоған президенттік сайлауда 100 пайыз бюллетеньдерді санау қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинады - 26,3 миллионнан астам дауыс 52,59 пайыз. Парламенттік сайлауда Ердоған басқаратын Әділдік және даму партиясы ең көп дауыс жинады. Жалпыұлттық дауыс беру елдегі мемлекеттік басқару формасын өзгертті, Түркия парламенттіктен президенттік республикаға айналды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети