Ердоған Путинмен Запорожье атом электр станциясы мәселесін талқылайды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ердоған Путинмен Запорожье атом электр станциясы мәселесін талқылайды Фото ©REUTERS

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен Запорожье атом электр станциясы мәселесін талқылауды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен Запорожье атом электр станциясы мәселесін талқылауды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Ердоған Украина президенті Владимир Зеленскиймен келіссөз жүргізгеннен кейін Львовта журналистерге берген сұхбатында алда кездескен кезде Путинмен Энергодардағы Запорожье атом электр станциясы аумағындағы атқылауға қатысты жағдайды көтеретінін айтты.

"Біз бұл мәселені Путинмен талқылаймыз және Ресейден бүкіл әлемдегі бейбітшілік үшін маңызды қадам ретінде не істеу керек екенін нақты сұраймыз", - деді Ердоған.

Сонымен қатар, Ердоған Түркия Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қолдайтынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети