27 маусым 2016 | 19:52

Ердоған Путиннен ресейлік Су-24 пилотының қазасы үшін кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© news-front.info © news-front.info

РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путинге Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғаннан хат алғанын, онда ресейлік Су-24 пилотының қазасына кешірім сұрағаны айтылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды RT.  


Иконка комментария блок соц сети

РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путинге Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғаннан хат алғанын, онда ресейлік Су-24 пилотының қазасына кешірім сұрағаны айтылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды RT.  

"Ресей Федерациясының президенті Путин Түркия президенті Ердоғаннан хат алды, онда түрік лидері ресейлік әскери ұшақтың пилотының қазасына байланысты жағдайды реттеуге мүдде танытып отырғанын жеткізді", - деді Песков тілшілерге. 

"Ердоған болған оқиғаға байланысты терең күйзеліспен көңіл айтып, Түркия мен Ресейдің дәстүрді достастық қарым-қатынасының қайта орнығуына, сонымен қатар өңірдегі дағдарыс оқиғаларына бірігіп жауап қатуға, терроризммен күресуге бар мүмкіндікті жасайтынын жеткізді", - деп атап өтті Песков. 

Еске салайық, Сирияда антитеррористік операцияға қатысып жатқан Су-24 ұшағын 2015 жылдың 24 қарашасында түрік әскерилері атып түсірген болатын. Ресейлік ұшақтың экипаж командирі Олег Пешков парашютпен жерге қону кезінде қаза тапты - оған жерден оқ атылған. Осы оқиғадан кейін бұзыла бастады. БАҚ мәліметінше, ұшақ түріктің F-16 жойғышының "әуе-әуе" түріндегі зымыраны арқылы атып түсірілген және Сирияда, Түркияның шекарасына 4 шақырым жерге құлаған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети