Ердоған Ресей Украинаға шабуыл жасаса Түркияның әрекеті қандай болатынын айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Reuters © Reuters

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Ресейдің Украинаға әскери шабуылы жағдайында Анкара НАТО-ға мүшелігі аясында өз міндеттемелерін орындауды жалғастыратынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Ресейдің Украинаға әскери шабуылы жағдайында Анкара НАТО-ға мүшелігі аясында өз міндеттемелерін орындауды жалғастыратынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір біз қазіргі дағдарыстың шешімін диалог пен дипломатия арқылы тапқымыз келеді. Ресей мен Украинаны мәселені конструктивпен және байсалдылықпен шешуге шақырамыз. Бірақ Түркия НАТО-ға мүшелік талаптарын орындайды", - деді Ердоған NTV түрік телеарнасының эфирінде. Оның сөздерін EADaily келтіреді.

Алайда ел басшысы Түркия нақты қандай қадамдарға дайын екенін және Солтүстік Атлантикалық альянстың мүшесі ретінде Украинадағы жағдайға қатысты қандай міндеттемелері барын айтпады.

Ердоған Түркия басынан бастап Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қолдағанын атап өтті.

"Біз Ресейдің Украинаның аумақтық тұтастығын, әсіресе Қырымды аннексиялауы жөніндегі қадамдарына қарсы нақты ұстанымда болдық", - деді ол.

Түркия президенті Анкараның екі ел арасындағы келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешу мақсатында Ресей басшылары Владимир Путин мен Украина Владимир Зеленскийдің кездесуін ұйымдастыруға дайын екенін тағы да мәлімдеді.

"Екі жақтан да тілек болған кезде Түркия бейбітшілік атмосферасын қалпына келтіруге жол ашу мақсатында Ресей мен Украина көшбасшыларының кездесуін ұйымдастыруға дайын", - деді Түркия басшысы.

Ердоған Ресей "қарулы шабуылға және Украинаны басып алуға" бармайды деген үміті барын мәлімдеді. "Мұндай қадам Ресей мен біздің аймаққа ұтымды болмайды", - деп келтіреді президент сөзін Анадолу.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro