Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Ресейдің айыптауына жауап қатты. Айта кетейік, осыған дейін Ресейдің Қорғаныс министрлігінің лауазымды тұлғалары Түркияны ДАИШ-тан мұнай сатып алады деп айыптаған еді. Ердоған лаңкестермен Түркияның емес, Ресейдің саудаласып отырғанын мәлімдеді және Анкараның осыған сәйкес дәлелдерінің барын атады. "Бізде дәлелдер бар. Біз оны әлемге ұсынамыз", - деп мәлімдеді бейсенбі күні түрік президенті телеарналардың біріндегі сұхбатында. Бұл туралы түріктің Daily Sabah басылымы жазады.

Ердоған АҚШ-тың Қаржы министрлігінің мәліметіне сілтеме жасай отырып, ДАИШ-тан мұнайды ресейлік паспорты бар сириялық кәсіпкердің сатып алып отырғанын мәлімдеді. "ДАИШ-тан мұнай сатып алып отырған негізгі адам - ресейлік және сириялық паспорттары бар Джордж Хашрави, ол мұнай сатады және режимге - бұл мәліметті АҚШ-тың Қаржы министрлігі хабарлады", - деді Түркия президенті.
Ал РИА Новости агенттігінің мәліметінше, 25 қарашада АҚШ-тың Қаржы министрлігі сириялық және ресейлік азаматтығы бар делінген Джордж Хасуаниді санкциялық тізімге енгізген. Министрлік оның HESCO Engineering and Construction Co деген компаниясын Асадтың режиміне ДАИШ-тен сатып алынған мұнайды сатты деп айыптап отыр. Агенттік Ердоғанның осы кәсіпкерді айтқан болуы мүмкін екенін меңзейді.
Ал Түркияның премьер-министрі Ахмет Давутоглу Ресейдің Түркияны ДАИШ-тен мұнай сатып алды делінген айыптауына жауап берді. Оның айтуынша, бұл айыптаулар оған қырғи-қабақ соғыс заманын еске салады. Ол айыптауларды "Кеңес Одағы заманындағы пропагандалық машинаның өтірігімен" салыстырды.
"Ресейлік баспасөз құралдарындағы және ресейлік ресми тұлғалардың пікірлері балалық шағымды еске салды. Қырғи-қабақ соғыс жылдарында кеңестік пропагандалық машина болған. Ол күн сайын жаңа өтірікті ойдан шығарып отыратын, оған өздері де сеніп, бүкіл әлем сенеді деп ойлайтын", - деп келтіреді Давутоглудың сөзін "Русская служба новостей".
Ал осыған дейін Сириядан Түркия территориясына мұнай контрабандасы дерегін АҚШ-тың Мемдеп өкілі Марк Тонер растаған еді. Таяуда өткен баспасөз мәслихаты кезінде Тонер Вашингтондағылардың Түркия үкіметінің лаңкестермен әріптестік орнатқанына және заңсыз мұнай тасымалдаумен айналысатынына сенбейтінін мәлімдеді. Бірақ ол мұнайдың лаңкестерден делдалдар арқылы Түркияға жетіп жатқаны жайлы деректі Тонер растады.
"Біз бұған Түркия үкіметінің қатысы бар дегенге сенбейміз. Ал шекара арқылы тасымалдардың жүргізілгені туралы деректер боулы мүмкін, біз сонымен күресіп жатырмыз", - деп келтіреді Мемдеп өкілінің сөзін RT телеарнасы.
Еске салайық, 2 желтоқсанда РФ Қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды өкілдері баспасөз мәслихатында Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған мен оның отбасының Сирия мен Ирак территориясында халықаралық лаңкестердің бақылауындағы қылмыстық жолмен жеткізілетін мұнай өнімінің бас тұтынушылары екенін мәлімдеген болатын.