Эрдоған сайлауда өз партиясының жеңіске жеткенін жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Эрдоған сайлауда өз партиясының жеңіске жеткенін жариялады

Түркия премьер-министрі Реджеп Тайып Эрдоған өзі басқаратын әділет және даму партиясының ел аумағында өткен аймақтық және жергілікті сайлауда жеңіске жеткенін мәлім етті, деп хабарлайды, деп хабарлайды РИА Новости. 

"Сіздер өз премьер-министрлеріңізді қолдадыңыздар, сол себепті мен сіздерге шексіз алғысымды білдіремін", - деді Эрдоған партияның Анкарадағы штаб-пәтері алдында жиналған партия жақтастары алдында сөйлеген сөзінде. Эрдоған сондай-ақ, саяси қарсыластарының оның беделіне нұсқан келтіргені үшін жауап беретінін де ескертті.

Наурыздың 30-ы күні Түркияда аймақтық және жергілікті сайлау өткен болатын. Соңғы мәліметтер бойынша, Эрдоғанның партиясы ел бойынша 43,18 пайыздық межемен көшбастаған болса, екінші орында 25,89 пайыздық көрсеткішпен оппозиция өкілдерінің Халықтық-республикалық партиясы. Сайлаушылардың 18,01 пайыз дауысын жинаған Ұлттық әрекет ету партиясы үшінші орыннан көрінген. Түркияда өткен сайлау кезінде 8 адам қайтыс болса, әр партия жақтастары арасында болған қақтығыс кезінде 36 адам түрлі дәрежеде дене жарақатын алған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 495.73  course up  589.53  course up  6.42  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети