Ердоған Түркия президенттігіне сайлауда көш бастап тұр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ердоған Түркия президенттігіне сайлауда көш бастап тұр Фото: Hurriуet.com

Түркияның қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоған жәшіктердің 96,49 пайызындағы дауыстарды санағаннан кейін көш бастап тұр. Қазірге дейін ол 49,92 пайыз дауыс жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Hurriуet.com сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияның қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоған жәшіктердің 96,49 пайызындағы дауыстарды санағаннан кейін көш бастап тұр. Қазірге дейін ол 49,92 пайыз дауыс жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Hurriуet.com сайтына сілтеме жасап.

Ердоған дауыстарды санаудың аяқталуын күтпей-ақ халық алдына шығып, шетелдегі түрік азаматтарының дауыстары әлі толық берілмегенін айтты.

"Түпкілікті нәтиже әлі белгісіз болса да, біз көш бастап келеміз. Елімізде санақ жалғасып жатыр. Сайлау бірінші турда аяқталады деп ойлаймыз".

Сондай-ақ, президент өзіне дауыс берген жерлестеріне алғысын білдірді.

"Түркия ұлттық ерік-жігердің үстемдігіне табандылығымен әлемнің алдыңғы қатарлы демократиялық елдерінің қатарында екенін тағы бір рет дәлелдеді. Бұл азаматтардың сайлауға қатысу деңгейін дәлелдейді. Бұл тарихымыздағы ең көп дауыс берілген сайлау болды".

Ердоғанның басты бәсекелесі Кемал Кылычдароглу әзірге 44,39 пайыз дауыс жинаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети