1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Ердоған Түркияда iPhone сатылымына тыйым салуды жоспарлап отыр

© REUTERS © REUTERS

Түркия америкалық санкцияларға жауап ретінде АҚШ-тың электрондық тауарларына бойкот жариялайды. Бұл туралы Түркия президенті Тайип Ердоған мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

"Түркияға қарсы экономикалық шабуыл жүргізіліп жатыр. Бұрын мұндай әрекеттер жасырын түрде жасалатын, ал қазір барлығы ашық түрде жүріп жатыр. Бұл жағдайда бізде екі нұсқа бар: экономикалық және саяси позиция. Экономикалық позицияға келсек, біз қаржы министрілігі мен қазынашылықтың күні-түні жұмыс істеу үшін шараларды қабылдап жартырыз. Сондай-ақ, біз АҚШ-тың электрондық тауарларына бойкот жариялаймыз. Оларда iPhone бар,  Samsung та бар. Ал біздің елімізде өзіміздің телефон маркамыз бар - Venüs Vestel. Соларды қолданамыз", - деді Ердоған.

Еске сала кетейік, осыған дейін Түркияның доллардан бас тартуға бел буғаны хабарланған болатын. АҚШ пен Түркияның қарым-қатынасы соңғы кезде ушығып отыр. Өткен аптада АҚШ Қаржы министрлігі "адам құқығын өрескел бұзды" деген айыппен Түркияның Әділет министрі Абдулхамит Гюл мен ІІМ басшысы Сүлейман Сойлуға қатысты санкция шығарған еді.