Түркия АҚШ санкцияларына жауап ретінде америкалық тауарларға баж салығын өсірді

15 Тамыз 2018, 11:06
0
Түркия АҚШ санкцияларына жауап ретінде америкалық тауарларға баж салығын өсірді - © REUTERS
© REUTERS

Түркия АҚШ санкцияларына жауап ретінде америкалық тауарлардың баж салығын өсірді. Тайып Ердоғанның мұндай жарлығы Resmi Gazete басылымында жарияланды, - деп хабарлайды РИА Новости

Құжатқа сәйкес, АҚШ-тан импортталатын тауарлардың баж салығын өсті. Мысалы, темекі өнімдерінің баж салығы 60 пайызға, алкоголь 140 пайызға, автомобильдер 120, косметика заттары 60 пайызға, күріш 50 пайызға және жемістердің баж салығы 20 пайызға өскен. Бұдан бөлек тағы бірнеше тауарлардың баж салығы өскені жазылған.

АҚШ пен Түркияның қарым-қатынасы соңғы кезде ушығып отыр. Таяуда АҚШ Қаржы министрлігі "адам құқығын өрескел бұзды" деген айыппен Түркияның Әділет министрі Абдулхамит Гюл мен ІІМ басшысы Сүлейман Сойлуға қатысты санкция шығарған еді.

Еске сала кетейік, осыған дейін Ердоғанның Түркияда iPhone сатылымына тыйым салуды жоспарлап отырғаны хабарланған еді. Түркия америкалық санкцияларға жауап ретінде АҚШ-тың электрондық тауарларына бойкот жариялау туралы шешімге келді.

Сондай-ақ, мұның алдында Түркияның доллардан бас тартуға бел буғаны да айтылған болатын. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай