05 ақпан 2021 | 15:03

Ердоған түркиялық Гарвард студенттерінің наразылығына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Ыстамбұлдағы Босфор университетінің студенттерінің әрекетіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Ыстамбұлдағы Босфор университетінің студенттерінің әрекетіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters басылымына сілтеме жасап.

2015 жылы Түркияда өткен парламенттік сайлауда Ердоған басқарған консерватив әділет және даму партиясына үміткер болған Мелиха Булу Босфор университетінің ректоры болып тағайындалды. Студенттер мен оқытушылар Ердоғанның бұл шешіміне наразылық білдірді. Олар ел президентінен жаңа ректорды сайлауға рұқсат беруді сұрайды.  

Булу журналистерге "Түрік Гарварды" аталып кеткен университет ректоры қызметінен кетуге ниеті жоғын айтып жауап берген. Ал Түркия президенті демонстрацияға қатысқан студенттерді террориске теңеді.

"Мен террористік топтардың мүшесі болған жастарды қабылдамаймын. Сіздердің ректор кеңсесін басып алуға тырысқандарыңыз студент емес, террорист екендеріңізді көрсетеді. Түркия террористер жайлаған ел болмайды. Біз бұған ешқашан жол бермейміз. Таксимдегі Гези оқиғасы сияқты оқиға қайталанбайды", - деді президент.

Сонымен қатар, студенттер университет ғимаратына ЛГБТ қауымдастығының туы мен Меккедегі мұсылмандарға арналған қасиетті Қағба ғимаратының суретін салғаннан төрт студентті босатуды талап етті. Оларды Түркия Ішкі істер министрлігінің басшысы Сүлейман Сойлу айыптап, қамауға алған. Ердоған ЛГБТ қозғалысы түрік құндылықтарына сай емес екендігін айтты.

"ЛГБТ деген ұғым жоқ. Бұл ұлттық және рухани ел. Болашақта да солай болып қалады", - деп түйіндеді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети