ПОДЕЛИТЬСЯ
24 мамыр 2022 | 06:33
Ердоған Түркияның оңтүстік шекарасында жаңа әскери операция басталатынын айтты
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Анкара жақын маңдағы аймақтардан келетін лаңкестік қауіптерге қарсы тұру үшін оңтүстік шекарада жаңа әскери операция бастайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды REUTERS агенттігі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Анкара жақын маңдағы аймақтардан келетін лаңкестік қауіптерге қарсы тұру үшін оңтүстік шекарада жаңа әскери операция бастайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды REUTERS агенттігі.
"Бұл операциялар әскери, барлау және қауіпсіздік күштері дайындықтарын аяқтағаннан кейін басталады", - деді Ердоған.
Агенттіктің мәліметінше, шабуыл Сирияның солтүстігіне бағытталады. Себебі, Түркия 2016 жылдан бастап күрдтердің "халықтық өзін-өзі қорғау отрядтарын" құлату үшін бірнеше әскери операциялар жүргізген болатын.
"Халықтық өзін-өзі қорғау отрядтары" 2014 жылдан бастап күрдтер басқаратын коалиция - Сирия демократиялық күштерін құруға көмектесті. Бұл отрядқа АҚШ ДАИШ-қа қарсы күресте үлкен сенім артады.
Ердоғанның мәлімдемесі Түркияның Финляндия мен Швецияның НАТО-ға қосылуына қарсылық білдірген тұсында жасалды.
Еске салайық, осыған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Швеция мен Финляндияның НАТО-ға кіруіне қарсы екенін айтқан болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также