06 қыркүйек 2017 | 17:00

Ердоғанның әйелі рохинджа босқындарымен кездеседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Түркия президенті Тайып Ердоғанның әйелі Эмине Ердоған сәрсенбі күні Бангладешке барып, Мьянма елінен кетуге мәжбүр болып отырған рохинджа мұсылмандары өкілдерімен кездеседі. Бұл туралы Түркияның вице-премьері Хакан Чавушоғлы мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

Түркия президенті Тайып Ердоғанның әйелі Эмине Ердоған сәрсенбі күні Бангладешке барып, Мьянма елінен кетуге мәжбүр болып отырған рохинджа мұсылмандары өкілдерімен кездеседі. Бұл туралы Түркияның вице-премьері Хакан Чавушоғлы мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Құрметті Эмине Ердоған бүгін Бангладешке барып, Ракхайн штатындағы біздің мұсылман ағайындармен кездеседі", - деді Хакан Чавушоғлы ATV телеарнасына берген сұхбатында.

Мұның алдында Түркия президенті Тайып Ердоған пікір білдіріп, Мьянмадағы оқиғаларды "мұсылмандар зұлматы" деп атаған болатын. 

Еске сала кетейік, таяуда Мьянмада (ескі атауы - Бирма) үкіметтік күштер мен рохинджа мұсылмандары арасында бір апта бұрын басталған қақтығыстың салдарынан 400-ден аса адам өлтірілген болатын. Жергілікті биліктің мәліметінше, қақтығыс "рохинджа содырларының" Ракхайн штатында (ескі атауы - Аракан) бірнеше полиция бекетіне және армия казармасына жасаған шабуылынан басталған-мыс. Мьянма әскерінің мәлімдемесінде 25 тамыздан бастап 90 қақтығыс болған, оның барысында 370 "содыр" қаза тапқан. Ал үкіметтік күштердің қатарында 15 адам мерт болған. 

Айта кетейік, рохинджалар - этникалық мұсылман бенгалдар, оларды британ колониялық билігі Араканға XIX және XX ғасырдың басында көшірген. Халқының жалпы саны бір жарым миллион шамасында. Қазіргі уақытта олар Ракхайн штатындағы халықтың басым бөлігі. алайда олардың көпгшілігі Мьянма азаматтары емес.

Мұның алдында Түркия президенті Тайип Ердоған пікір білдіріп, Мьянмадағы оқиғаларды "мұсылмандар зұлматы" деп атаған болатын. Ал өз кезегінде Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров бұл қантөгісті бүкіл әлем болып тоқтату қажеттігін айтқан еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети