27 шілде 2016 17:28

Ереванда болған атыстың видеосы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арменияның құқық қорғау органдары 27 шілдеге қараған түні Ереванда болған атыстың видеосын жариялады, - деп хабарлайды Lenta.ru.


Арменияның құқық қорғау органдары 27 шілдеге қараған түні Ереванда болған атыстың видеосын жариялады, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Басылымның мәліметінше, атысқа полиция қызметкерлері мен осыдан 10 күн бұрын патрульдік қызмет полкінің ғимаратын басып алған "Сасна црер" ұйымының қаруланған  мүшелері қатысқан. Видеодан тәртіп сақшыларының қаруланған топтың мүшесі Гагик Егиазарянді тұтқынға алып жатқаны көреді.

Атыс кезінде "Сасна црер" ұйымының басшысы Павел Манукян, оның ұлы Арам және құқық қорғау органдарының қызметкерлері жарақат алған. Олардың барлығы ауруханада жатыр. Екі шабуылшы ұсталды. Ал жарақат алған қаруланған топтың екі мүшесі қазіргі уақытта басып алынған ғимарат аумағында.

Еске салайық,17 шілдеде Ереванда қаруланған топ полиция ғимаратын қоршауға алып, ондағы адамдарды кепілдікке алып, қорқытқан болатын. "Кейінірек қаруланған топтың мүшелері жарақат алғандардың ауыр жағдайда жатқанын хабарлап, оларға дәрігерлердің көмек көрсетуін талап етті. Дәрігерлер келген соң қарақшылар оларды кепілдікке алған", - деп жазған еді Армения полициясы баспасөз қызметінің басшысыАгаронян өзінің Facebook парақшасында. Атысты ұйымдастырғандар Армения президенті Серж Саргсян мен оппозициялық радикалдық "Жаңа Армения" қозғалысының басшысы Жирайра Сефиляннің отставкаға кетуін талап еткен. Атыс кезінде полиция қызметкері қайтыс болып, тағы бес полицей жарақат алған. Айта кетейік, қаруланған топтың құрамында 31 адам болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети