Ереванда қарулы топ полиция бөлімшесіне басып кірді, адамдар кепілге алынған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© РИА Новости © РИА Новости

Армения астанасы Ереван қаласының маңындағы Эребуни ауданында қарулы топ полиция бөлімшесінің ғимаратын басып алды, - деп хабарлайды РИА Новости

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Армения астанасы Ереван қаласының маңындағы Эребуни ауданында қарулы топ полиция бөлімшесінің ғимаратын басып алды, - деп хабарлайды РИА Новости

Арменияның ұлттық қауіпсіздік қызметінің өкілдері "полк территориясында болғандардың кепілге алынғанын" хабарлады. Бөлімшенің кіреберістері қоршауға алынған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен ішкі әскерлер, бронетехника келген. Елдің ұлттық қауіпсіздік органының өкілдерінің мәліметінше, бөлімшеге басып кіргендер әлеуметтік желілер арқылы көтеріліс басталды деп жалған хабар таратумен айналысқан. Қазіргі уақытта полиция Эребуни ауданына баратын барлық жолды жауып тастаған. Жергілікті БАҚ-тар бір адамның қаза тапқанын хабарлап жатыр. 

Полицияның мәліметінше, полиция бөлімшесін басып алғандар Қарабақ қақтығысына қатысқан, "Новая Армения" радикалды оппозициялық қоғамдық құтқару фронтының лидері Жирайр Сефилянды босатуды талап етіп отыр екен. Айта кетейік, Сефилянға қаруды сатып алды және сақтады деген айып тағылды.

Сонымен қатар, Армения астанасында полиция қызметінің патрульдік-қарауыл полкіне шабуыл жасалған. Арменияның ұлттық қауіпсіздік қызметінің өкілдері полк орналасқан территорияда кепілге алынғандар жайлы хабарлады.


© YouTube/Azatutyun Radiokayan скриншоты

"17 шілдеде Ереванда таңғы уақытта Армения полиция қызметінің патрульдік-қарауыл полкіне шабуыл жасалды. Полк территориясындағылар кепілге алынған", - деп келтіреді РИА Новости Армения ҰҚҚ өкілдеріне сөзін.

Қаруланған адамдармен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro