Ереванда наразылыққа шыққандар Арменияның ҰҚШҰ-дан шығуын талап етті

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

18 қыркүйекте Ереванның орталығындағы Бостандық алаңында митинг өтті. Оған қатысушылар Арменияның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан (ҰҚШҰ) шығуын талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі7

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

18 қыркүйекте Ереванның орталығындағы Бостандық алаңында митинг өтті. Оған қатысушылар Арменияның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан (ҰҚШҰ) шығуын талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі7

Ресейлік БАҚ-тың бағалауы бойынша митингке бірнеше мыңға жуық адам жиналған. Митинг АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Ереванға сапары аясында өткен.

Акцияға төрағасы Тигран Хзмалян бастаған Арменияның Еуропалық партиясының өкілдері қатысқан. Оның айтуынша, Ресей мен Түркия "әскерге қарсы келісімге" қол қойған, оның нәтижесі Таулы Қарабақты жоғалтуға әкелген.

"ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығып, НАТО мен ЕО-ға қосылсақ, жоғалтқанымызды, жерімізді қайтарамыз", - деді саясаткер.

Наразылық білдірушілер Армения ҰҚШҰ-дан шыққан жағдайда Батыстың әскери көмегін ала алатынын мәлімдеді.

Нэнси Пелоси 17 қыркүйекте Әзербайжанмен шекарада қақтығыс шиеленісуіне байланысты Арменияға ұшып келген. Ол АҚШ Арменияның қауіпсіздігі мен демократиясын қолдайтынына сендірген.

Пелоси премьер-министр Николас Пашинянмен кездесуде АҚШ Таулы Қарабақ мәселесіне қатысты Түркияға қарсы күресте Арменияның досы екенін айтқан.

"Армениядағы демократияға жәрдемдесу, армян геноцидін тану туралы қарар, Таулы Қарабақ мәселесінде Түркияға қарсы іс-қимыл және барлық басқа мәселе бойынша біз Арменияның досымыз. Біз бұл жерде сіздің үкіметке деген құрметімізден тұрмыз", - деді спикер.

Жексенбіде өткен брифингте Пелоси "Әзербайжанның жойқын соққыларын" айыптап, оны Арменияның егемендігіне шабуыл деп атады. Әзербайжан СІМ өкілдері бұл мәлімдемелерді негізсіз және әділетсіз деп таныды, олар "аймақтағы жағдайды бұрмалайтынын" айтып, "шиеленісті күшейтетінін" мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro