Еурокеңес Ұлыбританияның ЕО құрамынан шығуын құптады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еурокеңес Ұлыбританияның ЕО құрамынан шығуын құптады © REUTERS

Еуропалық кеңес Ұлыбританияның 2019 жылы көктемде ЕО құрамынан шығуы туралы келісімді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еуропалық кеңес Ұлыбританияның 2019 жылы көктемде ЕО құрамынан шығуы туралы келісімді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. 

"Еуропалық кеңес комиссияға, Еуропалық парламентке және Кеңеске келісім 2019 жылы 30 наурызда күшіне енуі үшін, құрамнан шығудың бірыңғайлығын қамтамасыз ету үшін қажетті қадамдарды қолға алуды ұсынады", - делінген Еурокеңес баспасөз қызметінің хабарламасында.

"Еуропалық кеңес болашақта ЕО-мен саяси декларацияға сәйкес Ұлыбританиямен тығыз қарым-қатынаста болу туралы шешімін мәлімдейді. Одақтың көзқарасы бұрынғы келісілген шешімдерде айтылған ортақ позициялармен, принциптермен анықталатын болады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ЕО елдері көшбасшылары Ұлыбритания премьері Тереза Мэймен кездесу өткізді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети