Еурокомиссия тарапынан Украинаға берілетін көмек 11 миллиард еуро көлемінде болмақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина Халықаралық валюта қорымен келісім-шартқа қол қоятын болса, Еурокомиссия бұл елге 11 миллиард еуро көлемінде қаржылық көмек береді, деп хабарлайды РИА Новости. Мұндай шартты ЕК төрағасы Жозе Мануэл Баррозу айтты. Ол сондай-ақ Украина башыларымен келісім-шартқа қол қоятындығына үмітті екенін айта кетті. "Бүгін Еурокомиссия Украинаға берілетін көмектің көлемін анықтады. Біз Украина ХВҚ-мен келісім-шарт жасасады деп үміттенеміз. Бұл туралы Украина премьер-министрі де айтқан болатын. Егер келісімге қол қойылып жатса, бұл бағдарламаның даму шарты болады", - дейді Баррозу. Оның айтуынша, Украинаға Еуроодақ бюджетінен және халықаралық қаржы институттарынан екі жыл бойы қаржылық көмек көрсетіледі. Сонымен қатар Украинаға қаржылық көмек көрсету мәселесін Ресей басшылығы да қарастырып жатыр. Ресей федерациясының қаржы министрі Антон Силуановтың айтуынша, көршілес жатқан елдегі жағдай ушыққанда көрсетілетін түрлі қаржылық көмектер қарастылып жатыр. "Жалпы біз Украинадағы табыстың төмендеуі мен табыс көзінің 15 пайызға дейін қысқарғаны туралы айтып жатырмыз. Бұл мәселеге байланысты шет елдік әріптестер бірінші кезекте Халықаралық Валюта қорынан көмек көрсетуді айтуда. Одан бөлек, АҚШ және Еуроодаққа кіретін мемлекеттер тарапынан көрсетілетін көмектер қарастырылуда", - деді министр

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети