Еуроодақ Facebook, Google және Twitter желілеріне айыппұл салатыны туралы ескертті

17 Наурыз 2017, 10:31
0
Еуроодақ Facebook, Google және Twitter желілеріне айыппұл салатыны туралы ескертті - © shkolablogger.ru
© shkolablogger.ru

Еуроодақ билігі Facebook, Google және Twitter желілеріне өз қызметтерін еуропалық стандарттарға сәйкестіндіру үшін бір ай уақыт берді. Егер мұндай болмаған жағдайда компанияларға айыппұл салынады, - деп хабарлайды РИА Новости Рейтер агенттігіне сілтеме жасап. 

Агенттік мәліметі бойынша, 2016 жылдың желтоқсанында компанияларға олардың кейбір қызметтері еуропалық тұтынушылар құқығын қорғау заңдарына қайшы келетіні туралы хабарлама жіберілген. 

Бұл жағдай туралы компания өкілдері әлі ешқандай пікір білдірмеген. 

Бұл мәселеге қатысты компания өкілдерімен кездесу өтіп, онда мәселені шешу жолдары ұсынылған. 

Еурокомиссия талаптар орындалмаған жағдайда айыппұл салу шарасына қолдау білдірді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай