01 сәуір 2022 18:01

Еуроодақ елдерінде дизель отыны тапшы болуы мүмкін

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Еуроодақ елдерінде дизель отыны тапшы болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Еуроодақ елдерінде дизель отыны тапшы болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Мақала авторлары ресейлік энергетика саласына қарсы санкциялар импортты тоқтату қаупін төндіріп тұрғанын, ал басқа елдерден жеткізілім шектелгенін атап өткен. Ресей дизель отыны және ілеспе жанармай бойынша ең ірі еуропалық жеткізушісі саналады. Ол еуропалық ауыр техника, көлік, ауыл шаруашылығы, балық аулау, сондай-ақ электр және жылумен қамтамасыз етуге күніне төрттен үш миллион баррельден аса жеткізілім жасайы.

Еуропадағы дизель отыны бағасының күрт өсуі қазірдің өзінде салаға әсер етіп, жанармай мен көлік шығындарын арттырған. Ол тұтынушыларға салмақ түсіреді.

"Үкіметтер дизель отыны мен ЖІӨ арасында анық байланыс бар екенін анық түсінді, өйткені зауытқа кіретін және одан шығатын заттардың барлығы дизель отынымен жұмыс істейді", - деді Еуропа мұнай өңдеушілер қауымдастығының бөлімшесі Fuels Europe бас директоры Джон Купер.

Еуропаға тәулігіне жеткізілетін шамамен 760 мың баррель ресейлік газойль мен дизель отыны тәуекелге ұшырайды, дейді FGE энергетикалық кеңес беру компаниясы.

Сауда дереккөздерінің айтуынша, Германия үшін жағдай қиынырақ болады, өйткені оның ресейлік дизель отынына тәуелділігін азайту мүмкіндігі аз. ЕО статистика агенттігі мәліметінше, 2020 жылы Германия Ресейден импортталатын дизель отыны мен газойлдың шамамен 30 пайызын алған.

"Қазіргі уақытта ресейлік дизель отынынан бас тарту үшін, дизель жеткіліксіз", - деді сауда дереккөздерінің бірі.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Еуропа елдері мен АҚШ-қа көгілдір отынды рублімен сату туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети